Британдық БАҚ: Сатпаевтың “Челсиде” қалуы шабуылшылар арасындағы тепе-теңдікті түбегейлі өзгертуі мүмкін

Бүгін, 12:20

Британдық Benlox порталының хабарлауынша, "Челсидің" бас бапкері Хаби Алонсоның Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевты Лондондық клубтың негізгі құрамында қалдыру туралы шешімі команданың шабуыл шебінде үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін. Бұл шешім жаңа маусым алдында бапкерлер штабын күрделі таңдау алдында қалдырып, шабуылшылар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді.

Британдық БАҚ: Сатпаевтың “Челсиде” қалуы шабуылшылар арасындағы тепе-теңдікті түбегейлі өзгертуі мүмкін

"Челсидің” бапкері Хаби Алонсо "Уэстерн Сидней Уондерерс” командасына қарсы өткен жолдастық кездесуден (6:4) кейін Сатпаевтың өнеріне тәнті болды. Бапкердің айтуынша, Қазақстандық вингер физикалық тұрғыдан өте мықты және өте жылдам. "Ол сіздерді шынымен таңқалдырады деп ойлаймын” — деді Алонсо Дастанның әлеуетіне сенім білдіріп.

Сарапшылардың пікірінше, Сатпаевтың негізгі құрамда шығуы жай ғана шабыттандыратын оқиға емес, бұл клубтың шабуылшылар иерархиясын қайта құруына себеп болады. Уэлбекпен келісімшарт жасалғанын ескерсек, және командада Жоау Педро қалып, оған қоса Сатпаев жалға берілмей құрамда болса, келесі ойыншылардың жағдайы не болмақ деген сұрақ туындайды: Эмега, Делап, Джексон.

Британдық басылымның жазуынша, барлық ойыншыларға бірдей жеткілікті ойын уақытын беру мүмкін емес. Бұл жағдай АПЛ-дың жаңа маусымы басталмай жатып Хаби Алонсо үшін ең үлкен бас ауруына айналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Сатпаевтың "Челсидегі" болашағы тек Қазақстандық жанкүйерлерді ғана емес, Британдық спорт сарапшыларын да қызықтырып отыр. Оның негізгі құрамда қалу-қалмауы Лондондық клубтың алдағы трансферлік стратегиясына және тактикалық бағытына тікелей әсер етпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×