“Қайрат” келесі кезеңге өте ала ма? “Омониямен” матч алдындағы сараптама

Бүгін, 12:50

Бүгін Алматыдағы "Орталық" стадионда сағат 20:00-де басталатын Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы "Қайрат" пен "Омония" арасындағы қарымта кездесуге қатысты сараптамалық шолуды ұсынамыз.

“Қайрат” келесі кезеңге өте ала ма? “Омониямен” матч алдындағы сараптама

Ойынның маңыздылығы және қазіргі жағдай

Никосияда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат” минималды 0:1 есеппен жеңіліп, өз жағдайын қиындатып алды. Енді Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне турнирдің келесі кезеңіне өту үшін өз алаңында міндетті түрде жеңіске жету керек. Алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейін жеткенін ескерсек, бұл жолғы сәтсіздік команда үшін үлкен соққы болуы мүмкін.

Командалардың дайындығы

"Қайрат” :

– Ішкі біріншілік: Команда Қазақстан Премьер лигасында жақсы қарқын алып, 20 ойыннан кейін 45 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

– Үйдегі басымдық: "Қайрат” өз алаңында өте сенімді ойнайды — "Орталық” стадионда өткен соңғы тоғыз ойынның алтауында жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

– Құрам жағдайы: Командада жарақат алған ойыншылар жоқ, бұл бапкерге еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. 

"Омония” (Кипр) : 

– Артықшылық: Кипр чемпиондары Алматыға бір гол айырмашылығымен алда келе жатқандықтан, қорғанысқа көбірек көңіл бөлуі мүмкін.

– Мәселелер: Қонақтар сапында кадрлық шығындар бар. Алғашқы ойында қызыл қағаз алған Лоик Него ойыннан шеттетілді, сонымен қатар қорғаушылар Фотис Китсос пен Мозес Одубаджо жарақаттарына байланысты алаңға шықпайды.

– Форма: "Омония” соңғы бес кездесуінде жеңілмеген, бұл олардың психологиялық тұрғыдан дайын екенін көрсетеді.

Ықтимал негізгі құрамдар:

– "Қайрат” : Анарбеков, Мата, Африко, Мартынович, Тапалов, Мрынский, Оксанен, Садыбеков, Юккола, Жоржиньо, Гуал.

– "Омония” : Фабиано, Пепис, Кулибали, Панайоту, Балковец, Марич, Танкович, Андреу, Коста, Какуллис, Монтнор.

Сарапшылар болжамы

Сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бір тарап "Омонияның” қорғаныстағы беріктігіне сүйеніп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, Кипрліктердің келесі кезеңге өтетінін айтады. Ал екінші тарап "Қайраттың" өз алаңындағы жойқын шабуылы мен жанкүйерлер қолдауына сеніп, Алматылықтардың 3:1 есебімен жеңіске жететінін болжайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×