Алматылық "Қайраттың" Португалиялық шабуылшысы Жоржиньо ауыр жарақат алып, маусымның екінші бөлігінде командасына көмектесе алмайтын болды. Бұл ақпаратты клубтың медициналық штабы растап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жоржиньо Қазақстан Премьер лигасының "Ордабасыға" қарсы ойынында жарақат алған болатын. Ол бірінші таймның басында-ақ алаңнан шығуға мәжбүр болды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін Португалиялық форвардтың тізесінің айқасқан байламдары (крестообразная связка) үзілгені анықталды. Бұл жарақат оны кем дегенде жыл соңына дейін қатардан шығармақ. Айта кетерлігі, Жоржиньо жарақат алған сәтте ойынды жалғастыруға тырысқанымен, медициналық топ оған алаңға қайта оралуға рұқсат бермеген.
Қазіргі уақытта "Қайрат" шабуыл шебінде үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Бұған дейін клуб Аргентиналық вингер Себастьян Себальоспен қоштасқан болатын. Енді негізгі шабуылшысынан айырылу команданың чемпиондық бәйгедегі мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда "Қайрат" 45 ұпаймен ҚПЛ турнир кестесінде көш бастап тұр.
Клуб басшылығы шабуыл шебін күшейту үшін шұғыл түрде жаңа ойыншы іздестіруге көшті. Алайда, Қазақстанда трансферлік терезе жабылып қалғандықтан, Алматылықтар тек еркін агент мәртебесіндегі футболшыларды ғана қатарға қоса алады.
Жарақат мәселесіне қарамастан, "Қайрат" халықаралық аренадағы бәсекесін жалғастыруда. Бүгін, 29 шілдеде, Алматылық клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында кипрлік "Омония" командасымен қарымта ойын өткізеді. Сонымен қатар, клуб ел чемпионатындағы алтын жүлде үшін күресті де тоқтатпақ емес.