
Қазақстан Премьер лигасының 16-турында “Қайрат” “Атырауды” 4:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде 16 жастағы Дастан Сәтпаев екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
51 минутта Дастан Сәтпаев алыстан соққы жасап, қорғаушының аяғынан рикошет алған доп қақпаға кірді. Небәрі 3 минуттан кейін Сәтпаев алаңның ортасына келген пасты қабылдап, қақпашымен жеке шығып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Тағы да тура 3 минуттан кейін гол соғылды. Бұл жолы “Атырау” ойыншысы Цветелин Чунчуков баспен гол соғып, есепті 2:1 қылды.
71 минутта Дастан Сәтпаев Юг Станоевке нәтижелі пас беріп, “Қайраттың” 3-ші голы соғылса, соңғы гол 80 минутта тіркелді. Гол авторы Жоржиньо.
Матчтың соңында “Атырау” ойыншысы Чадунели қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды.
Бұл жеңісінен кейін “Қайрат” турнирлік кестеде 10 ұпаймен бірінші орынға көтерілді, ал “Атырау” 3 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.
Дастан Сәтпаев осы маусымда 4 ойында 3 гол және 1 нәтижелі паспен өзінің жақсы ойынын жалғастыруда.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET