Дастан Сәтпаевтің шедеврі «Қайратқа» жеңіс әперді

30.05.2025, 22:10

«Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Дастан Сәтпаевтің шедеврі «Қайратқа» жеңіс әперді

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы тартысты матч драмалық сәттерге толы болды. Бірінші таймда екі команда да бір-бірінің қақпасына шабуыл жасаса да, табло өзгеріссі қалды.

Екінші тайм бастала салысымен, 50-минутта Аян Байдәулетов алаң иелерін алға шығарды. Алайда көп ұзамай, Дастан Сатпаев алыстан әдемі соққымен есепті теңестірді. Бірақ VAR жүйесінің қарауынан кейін бұл гол есепке алынбады. Оның үстіне қонақтар сапынан Валерий Громыко қызыл қағаз алды.

Қиын жағдайда қалса да, алматылықтардың капитаны Александр Мартынович 74-минутта таразы басын теңестірді. Ал ойынның аяқталуына аз уақыт қалғанда, 87-минутта Дастан Сатпаев жеңіс добын соғып, «Қайратқа» үш ұпай әкелді. Есеп: 2:1.

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 26 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілсе, «Ақтөбе» үшінші орынға сырғыды.

«Ақтөбе» — «Қайрат» 1:2 (0:0)

Голдар: Байдәулетов, 50 (1:0), Мартынович, 74 (1:1), Сәтпаев, 87 (1:2)

Қызыл қағаз: Громыко, 70 минут (Қайрат)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×