«Тобыл» қарсыласын тас-талқан қылды

30.05.2025, 20:35

Қостанайда өткен Премьер-лиганың матчында жергілікті «Тобол» командасы «Атырауды» 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Тобыл» қарсыласын тас-талқан қылды

Кездесудің алғашқы таймында-ақ алаң иелері үш мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, ойынның тағдырын ерте шешіп тастады.

14-минутта Александр Зуев есеп ашса, арада екі минут өткенде Ислам Чесноков есепті еселеді. Ал 42-минутта Ахмед Эль-Мессауди үшінші голды соқты. Бұған қоса, 23-минутта «Атырау» сапынан Гиорги Гадрани алаңнан қуылып кетті.

Екінші таймда «Тобыл» ойынды толық бақылауға алып, есепті ұлғайтты. 78-минутта Абдулвахид Асранқұлов төртінші голды соқса, 85-минутта Жұмашев кездесудің нүктесін қойды — 5:0.

Осылайша,«Тобыл» үш мәрте қатарынан жеңіске жетіп, 23 ұпай жинады. Қостанайлықтар көш басындағы «Астанадан» 4 ұпайға қалып келеді. Ал «Атырау» турнирлік кестеде соңғы орында тұр.


«Тобол» — «Атырау» 5:0 (3:0)
Голдар: Зуев, 14 минут (1:0), Чесноков, 16 минут (2:0), Эль-Мессауди, 42 минут (3:0), Асранқұлов, 78 минут (4:0), Жұмашев, 85 минут (5:0)
Қызыл қағаз: Гадрани, 23 минут («Атырау»)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×