«Ордабасы» соңғы минутта жеңілістен аман қалды

30.05.2025, 20:18

Премьер-лиганың кезекті турында «Жеңіс» пен «Ордабасы» командалары арасындағы ойын тартысты өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

«Ордабасы» соңғы минутта жеңілістен аман қалды

Кездесу жылдам қарқынмен басталды.  Матчтың небәрі үшінші минутында Нұрбол Ануарбеков қорғаныстың қателігін оң пайдаланып, есеп ашты. Ал 38-минутта Аслан Әділ есепті еселеп, «Жеңістің» басымдығын арттырды. Есеп: 2:0.

Екінші таймда «Ордабасы» басымдықты өз қолына алып, шабуылға шықты. Бірақ 62-минутта олардың ойыншысы Ұлар Жақсыбаев алаңнан қуылды. Футболшының басымдығы ұзақ сақталмады. 66-минутта «Жеңіс» сапынан Сағи Совет те қызыл қағаз алып, командалар тең құрамда қалды. Осы сәттен кейін шымкенттіктер белсенді шабуылдарын жалғастырып, 71-минутта Сергей Малый бір голмен есеп айырмасын қысқартты. Ал матчтың соңғы минутында Зикрилло Сұлтаниязов таразы басын теңестірді. Есеп: 2:2.

Осы нәтижеден кейін «Жеңістің» ұпай саны жетіге жетіп, команда турнирлік кестеде 12-орында тұр. Әзірше елордалықтар жеңістің дәмін татпаған жалғыз команда.  Ал «Ордабасы» 15 ұпаймен 7-сатыда орналасқан.


«Жеңіс» — «Ордабасы» 2:2 (2:0)
Голдар: Әнуарбеков, 3 минут (1:0), Әділ, 38 минут (2:0), Малый, 71 миунт (2:1), Сұлтаниязов, 90 минут (2:2)
Қызыл қағаздар: Жақсыбаев, 62 минут («Ордабасы»), Совет, 66 минут («Жеңіс»)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×