Дастан Сәтпаевтың командасын кім құтқармақ? – Фабрегастың Лондонға оралуына жол ашылды

Бүгін, 17:09

“Челсидің” бұрынғы жарық жұлдызы Цеск Фабрегас “Стэмфорд Бриджге” бапкер ретінде оралуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сәтпаевтың командасын кім құтқармақ? – Фабрегастың Лондонға оралуына жол ашылды

Италиялық “Комо” клубының президенті Мирван Суварсо Испаниялық маманды жіберуге дайын екенін ресми түрде растады.

Лиам Розерниор қызметінен кеткеннен кейін, “Челси” басшылығы өз тарихындағы аңыз ойыншылардың бірі — Фабрегасты басты нысанаға алды. Ол “Комо” клубының тек бапкері ғана емес, сонымен қатар акционері болса да, клуб президенті оның Англияға кетуіне кедергі болмайтынын мәлімдеді.

“Егер Цеск Лондонда бақытты болатынын сезсе, біз оны күштеп ұстамаймыз. Біздің жалғыз шартымыз — оның Италиядағы тікелей бәсекелестеріміздің сапына өтпеуі." — деді Суварсо мырза сабырлы кейіпте.

Цеск Фабрегастың бапкерлік мансабы таңғаларлық жылдамдықпен дамуда. 2023 жылы бутсысын шегеге ілген ол аз уақыттың ішінде:

– “Комоны” төменгі лигадан алып шықты

– А Сериясында команданы 5-орынға дейін көтерді

– Италиядағы жылдың үздік бапкері ретінде беделді Берзот сыйлығын иеленді.

Мұндай жетістіктер “Көктердің” қожайындарын бей-жай қалдырмады. Олар Цесктің бойынан клубқа жетіспей жүрген жеңімпаздық рухты көріп отыр.

Қазіргі уақытта екі жақ арасындағы келіссөздер қызу жүріп жатыр. Дегенмен, Лондон клубы қосалқы нұсқаларды да дайындап қойған. Егер Фабрегаспен ортақ мәміле жасалмаса, команда тізгінін Андони Ираола немесе Марко Силва иеленуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×