Дәстүр мен жаңашылдық

07.03.2011, 18:45
Дәстүр мен жаңашылдық
Қазақ футболының деңгейі көтерілген бе деп сұрақ қойып, оған бірден жауап жаза салу оңай-ақ шаруа болғанымен, кесіп-пішіп айта салатын дүние емес. Кешегі алғашқы тур ойындарынан соңғы пікірімді түсірсем.  Түсте Ұлттық арнадан "Локоның" өз алаңындағы "Жетісумен" болған ойынын көріп қуанып қалдым. Әжептеуір, ел көруге жарап тұрған, ойлы ойын болды. Комбинациялық жүйелі мәнердегі доп алмасулар, алаңның әрбір бұрышындағы кескілескен тартыстар, жылдам жасалынып жатқан қарымта шабуылдар. Әсіресе мына талдықорғандықтардың өнерлері қатты сүйсіндірді. Жалпы қонақ команданың жеңісі өзгеше әсер берді маған. Бұл дегеніміз қазақ футболындағы дәстүр мен жаңашылдық. "Черная лощадка" деген де осы. "Қара ат" деп қазақша аударып айтар болсақ "Жетісу" елдің барлығын таңқалдырғаны рас. Өзге чемпионаттардағыдай алғашқы 7-8 турда жеңілмей біраз қызық тудыртатын команданың да болғаны жөн ғой. Бұл дәстүр. Сондай "выскочкалар" қатарына кіре алатын мүмкіндік бұл командада бар секілді. Бұрындары "Қайсар" осындай нәтиже көрсетіп жылтың ете қалушы еді. Олар бүгінгі ойында "Шахтерді" жеңіп сол дәстүрді жалғастырып жүрмесе нетті.

Оңтүстік Америка құрлығынан аяқдопшылар келіп өнер көрсете бастады. Бұл -  жаңашылдық! Аргентина, Уганда, Сенегал, Испания секілді мемлекеттердің азаматтары қазақ футболының дәмін татуға келіп отыр. Өз елдерінде немесе басқа да дамыған футбол державаларында бұларға тең команда табылмағаны ма? Деңгей мәселесі әзірге белгісіз. Бір ойынға қарап айта салу қиынырақ. Үйренісу мәселесі шешілген соң айта жатармыз. "Футбол.кз" сайты биылғы 20-чемпионаттқа толыққанды ден салып, әр апта сайын шолу мақалалар жариялап, өз пікірін беріп отыратын болады. Жанкүйерлер тарапынан ұсыныстар болса да хабар күтеміз. Себебі, қазақ футболының болашағы біздің қолымызда!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Басталды!
Келесі жаңалық
1-турдың статистикасы
Серіктес жаңалықтары
×