Асыға күткен Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі де келіп жетті. Топтық кезең мен плей-оффтың арасындағы екі айдай үзіліс кезіңде жеребенің нәтижесін біліп, жанкүйерлер іштей болжам жасап жүретіні анық. Ондай болжау жасау құқығына біздің сайттың құрметті оқырмандары да ие болғаны бар. Әрине көбінің сарғая күткен ойыны Тұманды Альбиондағы "Манчестер Сити" мен "Барселона" текетіресі.
Мамандар да, тіпті біздің оқырмандар да "қалалықтарды" бұл ойында фаворит санағаны анық. Себебі, ойынға болжам жасаған оқырмандардың 70 пайызы дерлік "қалалықтардың" жеңісіне сенген. Түсінікті, оған себептер де жоқ емес. Ағылшындардың қарқыны мықты, құрамда Агуэро болмаса да кез келген қарсыласқа өз алаңында қиындықтар тудыртады, жаттықтырушылық орындықта тактик-стратег Пеллегрини бар, ал католондықтар Гвардиола кезіңдегі Барса мен салыстыруғы келмейді, психологиялық проблема да жоқ емес, онымен қоса Месси алаңға оралғанымен бұрынғы бабында емес, Мартино болса Чемпиондар Лигасының дәмін осы жылы ғана татуда. Іс жүзінде қалай болып шықты? Бәрі керісінше. Агуэросыз шабуыл өті айтарлықтай мықты емес екен, Пеллегрини шәкірттерінің. Тіпті, оған да байланысты емес. Мартино Пеллегриниді тактикалық тұрғыдай сағын сындырды. Біткен іске сыншы көп демекші, манкуниандық жанкүйерлердің айтар уәждері де бар. Бас қазы ойын тізгінін өз қолынан шығарып алды, Демикелестің қызыл қағазы әділетті болғанымен, пенальти айып алаң сыртында болды дер. Бірақ, қандай болған күннің өзіңде де "блаугрананың" сенімді, әділетті жеңісімен аяқталды. Енді наурыз айында өтетін қарымта ойыннан ғажайып күтеріміз шамалы. Бұл "Барселона" өз алаңында екі допқа басымдылығын уысынан шығара қоймас.
|
18 қаңтар. Манчестер. Стадион "Этихад". 47726 көрермен. Төреші - Юнас Эрикссон (Швеция). |
|
| МАНЧЕСТЕР СИТИ - БАРСЕЛОНА - 0:2 (0:0) | |
| Манчестер Сити | Барселона |
| Джо Харт | Виктор Вальдес |
| Пабло Сабалета | Даниэл Алвес |
| Венсан Компани | Херард Пике |
| Мартин Демичелис | Хавьер Маскерано |
| Гаэль Клиши | Хорди Альба |
| Хесус Навас, 58 | Хави |
| Фернандиньо | Серхио Бускетс |
| Давид Сильва | Сеск Фабрегас, 86 |
| Яя Туре | Алексис Санчес, 74 |
| Александар Коларов, 58 | Лионель Месси |
| Альваро Негредо, 74 | Андрес Иньеста |
| Ойын барысында алаңға шыққандар: | |
| Джолеон Лескотт, 58 | Неймар, 74 |
| Самир Насри, 58 | Серхи Роберто, 86 |
| Эдин Джеко, 74 | |
|
Ескертулер: |
|
| Альваро Негредо, 28 | Даниэл Алвес, 23 |
| Александар Коларов, 37 | Хавьер Маскерано, 76 |
| Мартин Демичелис, 53 | |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||