Дәурен Қайраллиев: "Төреші бізге қарсы ойнағандай көрінді"

15.03.2017, 19:27
Дәурен Қайраллиев: "Төреші бізге қарсы ойнағандай көрінді"
Премьер-лиганың екінші тур аясындағы "Ордабасыға" қарсы матчты толық ойнап шыққан "Атырау" футбол клубының жартылай қорғаушысы Дәурен Қайраллиев клубтың баспасөз қызметіне қысқаша сұхбат берді, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
- Дәурен, биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпай құтты болсын! Матчтан кейінгі өз әсеріңізбенн бөлісіп өтсеңіз.  - Рақмет. Біздер үшін матч өте қиынға соқты. Әрине, оның үстіне ойынның соңғы минутында гол жібергеніміз ауыр, әрі өкінішті болды. «Ордабасы» сияқты командамен сырт алаңда ойнау қай кезде болса да оңай емес. - Сол эпизодта расымен айып добы болды ма? - Бір қарағанда, төреші бізге қарсы ойнағандай көрінді. Бірақ, ол эпизодта, бәлкім, расымен айып добы болған да шығар. - Матчты толық ойнап шықтыңыз. Негізгі құраммен алаңға шығатыныңызды қашан білдіңіз?  - Негізі, лимит кезінде ойнап жүрген кезде де толық ойнаған матчтарым болған. Ал, кеше, тап матч алдында бас бапкер командаға тапсырма беру кезінде менің негізгі құрамда шығатынымды айтты. Оған дейін білген жоқпын. Кәдімгідей күнделікті жаттығуымды жасап жүре бердім. Мүмкін, ойнағанымды бапкерлік штаб қажет деп тапқан болар. - Жалпы, өз ойыныңызға көңіліңіз толды ма? - Бұл жайлы бапкерлер айтуы керек деп ойлаймын. Бірақ, тірек жартылай қорғаушы ретінде Джокичпен бірге ойнау маған ұнады. Біз Йован екеуміз Мараттың «астында» ойнадық. Хайруллиндей хас шебермен ортада доп тебу тіпті керемет десем болады. Бір білетінім, әлі де өзім үшін көп жұмыс жасауым керек. Дәл осылай жаттыға беретін болсам, бапкерлер де көбірек сенім артады деп санаймын. Оларға артқан сенімдері үшін рахмет айтамын. Дегенмен, қайталап өтейін, ойыным жайлы бапкерлер жақсырақ айтып бере алатын шығар.

"Атырау" ФК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×