Қостанайлық “Тобыл” 26 жастағы косовалық қорғаушы Давид Домжонимен келісімге келгенін хабарлап отыр, деп жазады Аладоп.кз.
Давид өз мансабында "Шкендиа", "Тирана", "Лириа", "Лачи", "Менменспор", "Люцерн" клубтарында доп тепкен. “Тобыл" командасына ауыспастан бұрын Домжони "Маниса" ұжымында 42 ойын өткізіп үлгерді.
Бойы 1,90 см құрайтын қорғаушы өз елінің ұлттық құрамасында 2021 жылдың жаз айында шақырту алып, онда 3 матч өткізді.
Футболшы мен “Тобыл” арасындағы келісім бір жылға жарамды.
Трансфермаркет Давидті 325 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET