Халықаралық іздестіруде жүрсе де "Астананы" аямапты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.02.2024, 15:11

"Спартактың" шабуылшысы Квинси Промеске халықаралық іздестірудің жарияланғанын білеміз. Осы оқиғаға қатысты Ресейлік спорт мамандарының пікірі екіге жарылды.  

Халықаралық іздестіруде жүрсе де "Астананы" аямапты

Бірі нидерландылықты клубтан қуып жіберуді ұсынса, енді бірі керісінше, шабуылшыны жақтап әлек. Мәселен, ресейлік ардагер футболшы Евгений Ловчевтің пікірінше, Квинси Проместің “Спартак” алдында ешқандай айыбы жоқ. – Меніңше клуб бұл жағдайға араласып, футболшыға көмек беруі тиіс. Промеспен келісімшартты жедел үзу керек деген пікірге қарсымын. “Спартакқа” қарсы жаман ештеңе істеген жоқ. Қайта керісінше, оның тигізген пайдасы зор. Сондықтан, Нидерландыдағы сотқа нүкте қойылғанша, Квинсиге жәрдем беру керек” деп ойын ортаға салды белгілі футбол маманы. 

Естеріңізге салсақ, жуырда Квинси Проместің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, нидерландылық футболшыға халықаралық іздестіру жарияланған. “Спартактың” форвардына есірткі тасымалы мен туысқан бауырына пышақ кезеу фактісі бойынша айып тағылып отыр. Ал Квинсиіңіз түк болмағандай доп теуіп жүр. Кеше ғана “Астананың” қақпасына топырлатып тұрып үш голды соғып, матчтың үздігі атанды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×