Нұралы Әліп: "Зениттен" кеткім келді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.02.2024, 11:56

"Зениттің" қорғаушысы жақында "Чемпионатқа" сұқбат берген болатын. Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшысы ағынан жарылыпты. 

Нұралы Әліп: "Зениттен" кеткім келді

Нұралы негізгі құрамға ілінбей, ойын тәжірибесін ала алмай жүрген кездерінде біраз қынжылған көрінеді. Тіпті, “Зениттен” кететін ойы да болыпты. “Зениттен” жалға кетуім мүмкін бе еді? Жасырмаймын, небір ой болды. Әсіресе, ойнамай жүрген кездері көп толғандым. Бірақ, реті келген жоқ. Ақыр аяғында күзде мүмкіндік пайда болып, жағдайым түзеле бастаған. Бұл маған берілген аванс екенін де түсінемін. Артылған сенімді ақтау үшін ары қарай қажырлы еңбек ете беремін” деген еді Санкт-Петерборлық клубтың қазақстандық қорғаушысы. 

Айта кетейік, Нұралы Әліп бұл маусымда 23 матчқа қатысқан. “Зенит” әзірге “РПЛ-де” екінші сатыда келеді.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×