Давид Лория федерация президенті

04.06.2020, 23:08
Танымал қақпашы футбол функционері болатын түрі бар.
Давид Лория федерация президенті

Қазақ футболына зор еңбегі сіңген қақпашы Давид Лория Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясының президенті атанды. Оған дейін бұл қызметті алып жүрген Мәлік Хасенов өзге жобаға ауыспақшы. Давид Лория осыған дейін "Ертіс" футбол клубына қызметке барғысы келген еді, клубтың жағдайы қиындап кетті. Одан бөлек те бірнеше қызметке ұсынылып көрді. Енді міне елорда футболының басшысы болып отыр.

Давид Лория Швеция, Түркия, Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен қақпашы. Қазақстан жастар және Ұлттық құрамасының намысын абыроймен қорғады. Соңғы жылдары ол УЕФАның спорт менеджерлеріне арналған арнайы курсын оқыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Түркілерге ортақ турнир
Келесі жаңалық
«Тұран кап» додасы жайлы
Серіктес жаңалықтары
×