Түркілерге ортақ турнир

04.06.2020, 21:07
Көк бөрінің ұрпақтары бір ту астына жиналмақ.
Түркілерге ортақ турнир

Түркия футбол федерациясының сыртқы байланыстар комитетінің мүшесі Гюркан Теоман түркі елдері арасында турнир құрғысы келетінін хабарлады

Турнирге «Тұран Кубогы» атауы ұсынылды. Гюркан Теоманның айтуынша, мұндай турнир халықаралық ойындардың тәжірибесін арттыруға көмектеседі, сонымен қатар, қаржылық жағынан да тиімді болады.

“Бұл ұлттық чемпионаттарға қатысушылардың нәтижелеріне әсер етпейді, бірақ сонымен бірге бұл турнирлер мен демеушілердің кірісін көбейтеді. Бұл клубтардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартады”, — деді Теоман.

Егер жоспар орындалса, онда турнирге Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Кипрдің клубтары, сонымен қатар басқа елдердің түркі халықтары қатыса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×