Давид Луис: «Моуриньо мен Бланның ұқсастығы ма? Екеуі де әдемі емес»

17.02.2015, 19:46
Давид Луис: «Моуриньо мен Бланның ұқсастығы ма? Екеуі де әдемі емес»
«ПСЖ-ның» бразилиялық қорғаушысы Давид Луис бүгін өзінің бұрынғы клубы лондондық «Челсиге» қарсы ойнайды. Осыған орай, ол баспасөз мәслихатында алдағы матч туралы ойымен бөлісті. «Ертеңгі кездесуді (баспасөз мәслихаты матчтан бір күн бұрын өтеді) асыға күтіп жүрмін. «Челси» - құрамында жұлдыздары көп топ-клуб. Жалғыз Эден Азар емес, Диего Коста, Сеск Фабрегас бар. Гол соқсам қуанамын, себебі менің гол салатын мүмкіндігім аз. Жалпы командаға көп пайдамды тигізгім келеді. Бірақ гол соқсам, бұрынғы әріптестерімді құрметтейтінім үшін тойламаймын. Тек іштей қуанамын», - деді қорғаушы. Сондай-ақ, Луистен Жозе Моуриньо мен Лоран Бланның қандай ұқсастығы бар деп сұраған болатын. Оның жауабы көп адамды таң қалдырды: «Ұқсастығы бар. Екеуі де әдемі емес». Естеріңізге сала кетсек, «ПСЖ» мен «Челси» арасындағы матчты бүгін Астана уақытымен түнгі 01:35-те КТК телеарнасынан көре аласыздар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×