Давид Луиз АПЛ-дың антирекордын орнатты

28.07.2020, 02:09
Оның кесірінен «Арсенал» қақпасына 5 пенальти қойылды.
Давид Луиз АПЛ-дың антирекордын орнатты

"Арсеналдың" қорғаушысы Давид Луиз Ағылшын Премьер-лигасының антирекордшысы атанды, деп хабарлайды Sportsmole. Оның дөрекі ойындарынан кейін, лондондықтардың қақпасына 5 мәрте пенальти қойылған. Оның соңғы рекордты болып тіркелген пенальтиі АПЛ-дың соңғы турында "Уотфордқа" (3:2) қарсы ойында орын алды.

Бразилиялық қорғаушы бұған дейін "Уотфордпен" болған алғашқы айналымдағы ойында және "Челси", "Ливерпуль", Манчестер Сити" командаларына қарсы матчтарда да өз айып алаңында тәртіп бұзып, өз қақпасына 11 метрлік айып добының орындалуына себепші болған болатын.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×