ҚПЛ-дың жұлдызды легионері «Астанадан» кетуі мүмкін

28.07.2020, 01:50
Егер ҚПЛ тамызда жалғаспаса, Сотириу басқа командаға кетеді
ҚПЛ-дың жұлдызды легионері «Астанадан» кетуі мүмкін

"Астананың" 27-жасар кипрлік шабуылшысы Пиерос Сотириу Қазақстан чемпионаты тамыз айында жалғасын таппайтын болса, өзге командаға жалға кетпекші. Ойыншыны өз елінің "Омония" (Кипр) командасы 1 жылға жалға алғысы келеді және оның елордада алатын айлығының жартысын төлуге дайын. Бұл туралы 24sports сайты хабарлап отыр.

Әйткенмен мұндай трансфердің орын алу мүмкіндігі төмен. Себебі ішкі біріншілік 3 тамыз күні Алматы-Талғарда жалғасады деп күтілуде.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×