"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйнеге ұсынған жаңа келісімшартының талаптары белгілі болды. Бұрын хабарланғандай, футболшы "қалалықтардың" алғашқы ұсынысын қабылдамады.
The Athletic журналисті Сэм Лидің айтуынша, "Манчестер Сити" 29 жастағы жартылай қорғаушыға қазіргі келісімшарттағы жалақыдан да төмен ақша ұсынған. Кевин клубтың бұл шешіміне ренжіді. "Манчестер Сити" басшылығының бұл қадамы жазда келісімшарты аяқталатын "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің трансферімен байланысты екендігі атап өтілген.
Де Брёйненің ағылшын клубымен қазіргі келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған. Ол "қалалықтар" сапында 2015 жылдан бері ойнайды, оған дейін "Генк", "Челси", "Вердер" және "Вольфсбург" клубтарында доп тепкен. Осы маусымда бельгиялық жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының 14 матчына қатысып, 3 гол соқты (2 - пенальтиден) және 8 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET