Дьекереш «Арсеналмен» келісімге келді және «Спортингке» тек лондондық клубта ойнағысы келетіндігін хабарлады

06.07.2025, 21:20

«Манчестер Юнайтед», «Атлетико» Мадрид секілді клубтар қызығушылық танытқан Дьекерештің таңдауы «Арсеналға» келіп тоқтады. 

Дьекереш «Арсеналмен» келісімге келді және «Спортингке» тек лондондық клубта ойнағысы келетіндігін хабарлады
Виктор Дьекереш

Лиссабондық «Спортинг» шабуылшысы Виктор Дьекереш лондондық «Арсенал» сапына ауысуға жақын, бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо жариялады.

Дереккөзге сүйене кетсек, 27-жастағы швециялық футболшы «канонирлермен» келісімшарт бойынла мәмілеге келді. Одае бөлек, ол «Спортингке» басқа клубтардың ұсынысын қарастырғысы келмейтіндігін хабарлады.

Дьекереш «Спортинг» сапында 2023 жылдан бері доп тебуде. Футболшы команда үшін 102 ойын өткізіп, 97 гол соқты және 28 нәтижелі пас шығарды. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтағы құнын 75 миллион еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

АПЛ
Aladop Youtube
×