Грипши гол соғу көрсеткіші бойынша Сәтпаевты қуып жетті

“Астана” командасының жартылай қорғаушысы Назми Грипшидің алған қарқыны жаман емес. Футболшы 4 матч қатарынан гол соғып келеді. 

Грипши гол соғу көрсеткіші бойынша Сәтпаевты қуып жетті

Елордалық “Астана” сапында екінші маусымын өткізіп жатқан Назми Грипши “Жетісуге” қарсы бүгінгі ойынның 45 минутында ерекшеленіп, өз командасының 0:2 есебімен жеңіске жетуіне сеп болды. Жалпы чемпионаттың биылғы бөлігінде Назми бас-аяғы 8 гол соқты. Жартылай қорғаушы “Астананың” “Қызылжар” (2х), “Атырау”, “Қайсар”, “Ұлытау”, “Оқжетпес”, “Ақтөбе” және “Жетісу” кездесулерінде қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Осындай нәтижелелігінің арқасында жартылай қорғаушы сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаевты қуып жетті. Екі ойыншының еншісінде қазірде 8 голдан тіркелген.

“Жетісумен” болған бүгінгі ойыннан кейін голеадорлар тізімінің көш басына Марин Томасовта шығуға жақын болды. Хорват легионері кездесудің екінші бөлігінде чемпионаттағы 8 голын соққан еді. Алайда бас төреші VAR қаралымынан кейін голды есепке алмады. Осылайша, Марин 7 голдық көрсеткішімен қалды.

Келесі турда “Астана” өз алаңында аутсайдер “Тұранды” қабылдайды. Ал “Қайрат” өз жерінде “Қайсармен” бақ сынасады. Осы кездесулерден кейін біз жекедара көш бастайтын үздік сұрмергенді анықтайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×