
Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдады.
Ойынның алғашқы бөлігінде шабуылды «Жетісу» белсенді бастағанымен, таймның соңына қарай қонақтар ойынды өз қолына алды. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда, Назми Грипши айып алаңы маңынан күшті соққы жасап, есеп ашты.
Екінші тайм басында «Астана» тағы да шабуылға шығып, Марин Томасов есепті еселей түскен еді. Алайда оның голы VAR қаралымынан кейін есепке алынбады. Ойын алма-кезек шабуылмен жалғасып, ақыры Джеффри Чинеду екінші голды соқты. Есеп: 0:2.
Осылайша, «Астана» 37 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде көшбасшылықты қайта қолға алды. Ал «Жетісу» 13 ұпаймен турнирдің төменгі бөлігінде қалды.
«Жетісу» — «Астана» 0:2 (0:1)
Голдар: Грипши, 45+1 минут (0:1), Чинеду, 68 минут (0:2)
Біздің серіктес: FONBET