Чемпиондар лигасында ойнайтын «Қайрат» клубы Словенияға жетті

06.07.2025, 20:05

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары Словения астанасы Люблянаға келіп қонды. Дәл осы қалада олар УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын жергілікті «Олимпияға» қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасында ойнайтын «Қайрат» клубы Словенияға жетті

— Команда сәтті түрде Люблянаға келді. Алда – маңызды ойын! – деп жазды «Қайрат» клубының Instagram парақшасы.

Еске сала кетейік, «Олимпия» – «Қайрат» кездесуі 8 шілде, сейсенбі күні өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады және тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Қарымта ойын 15 шілдеде Алматыда жоспарланған.

Айта кету керек, биылғы еурокубок маусымында Қазақстан атынан «Қайратпен» қатар, «Ақтөбе» (Еуропа лигасы), «Ордабасы» және «Астана» (екеуі де Конференциялар лигасы) клубтары да бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×