Бірінші лиганың ең қымбат ойыншысы кім?

Бірінші лиганың басым бөлігінде енді ғана трансферлік құны қалыптасып келе жатқан жастар өнер көрсетеді. Алайда кей командалардың жұлдызды ойыншыларын сатып алу бағасы 300 мың еуроға дейін жетеді. «Болса олар кімдер?» деген сұраққа Aladop.kz порталы жауап іздеп көрген болатын.  

Бірінші лиганың ең қымбат ойыншысы кім?

Қазақстанның Бірінші лигасында қазірде 14 команда өнер көрсетуде. Олардың барлығының чемпионаттағы ортақ құны 5,65 млн еуроны құрайды. 2025 жылғы біріншіліктің  ең қымбат командасы ретінде ақтаулық “Каспий” ұжымы көш бастап тұр. Клуб тізіміндегі 29 ойыншының ортақ трансферлік құны 1,73 млн еуроны қамтып отыр. Командадағы ең қымбат ойыншы есебінде қорғаушы Қасымжан Таипов саналды. Ол “Каспиде” 200 мың еуроға бағаланған тағы бір тәжірибелі қорғаушы Мақсат Тайкеновтен 50 мың еуроға жоғары тұр. Бұл клубтың қымбат ойыншылары тізімін: Еркебұлан Нұрғалиев, Бауыржан Байтана, Самат Шәмші қорытындылауда. “Каспиден” кейін лиганың құнды ұжымы қатарына “Ертіс” жайғасыпты. Павлодар командасы бұл көрсеткіш бойынша да, турнирлік кестеде де Ақтау командасының соңынан еріп келеді. Жалпы құны 1,70 млн еуро болып бағаланған клубтың ең қымбат ойыншылары осы жазғы трансферлік ауысымда келіп қосылды. Бірі Арман Кеңесов (300 мың) болса, енді бірі Владислав Васильев (250 мың). Бұлардан кейін құрамда Темірлан Агиманов, Максим Федин және Арман Смаилов жоғары бағаланып отыр. Аталған футболшылардың құны 150 мың еуродан кем емес. Трансфер бағасы бойынша үздік үштікке “Шахтер” жайғасқан екен. Кеншілер командасының ортақ құны 1,45 млн еуро. Ал бұл команданың ең қымбат ойыншысы - Игорь Шацкий. 36 жастағы ойыншы 300 мың еуроға бағаланады. Алайда “Шахтер” лидерінің құны жыл сайын түсіп барады. Мәселен, 2023 жылы бағасы 600 мың болған Игорь маусым аяқталар тұста 100 мыңға арзандаған. Оның келер маусымында 200 мыңға арзандап, нәтижесінде 300 мың еуроға тоқтады. Бірақ Transfermarkt порталы Шацкийдің бағасында тағы бір өзгерістің байқалатынына меңзеп отыр. Қақпашы құнының құлдырауы оның соңғы ойындардағы көрсеткіштеріне тікелей себепкер. Бұрынғыдай қалпынан ажыраған Игорь “Шахтердің” кей ойындарын қосалқы құрамнан тамашалауға мәжбүр. Ал бұл жағдайдың барлығы трансфер құнына кері әсерін тигізеді. Дегенмен қақпашы 100 мың еуроға арзандаса да, өз ұжымында ең қымбат ойыншы статусын сақтап қалады. Мысалы “Шахтердің” Шацкийден кейінгі бағалы футболшысы саналатын Юрий Перцухтің бағасы 200 мың еуроғада жетпейді. Бір қызығы, Чемпионаттағы қалған командалардың барлығын қосқанда, бір “Шахтер” бағасының шетінде құрай алмайды екен. Айтпақшы, «лиганың ең қымбат ойыншысы кім?» деген сұрақтың жауабына тоқталатын болсақ, ол әрине - Арман Кеңесов. “Астанадан” туған жеріне қайтып оралған жартылай қорғаушы жайында жоғарыда тоқталып өттік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×