
Мәскеулік «Динамо» клубының аңызы Александр Точилин қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдиновтің клубқа ауысу мүмкіндігіне қатысты өз пікірін білдірді.
– Егер Бактиер «Динамоға» ауысса, бұл команда үшін үлкен күшейту болар еді. Өйткені ол шеберлігі жоғары футболшы. Ойынға сапа қосатын ойыншы. Ресейде ол өз деңгейін толық дәлелдеді. Әсіресе “ЦСКА” сапында әмбебаптығын көрсетті. Бірнеше позицияда ойнай алады. Оның әлеуеті әлі де өседі деп ойлаймын.
Сонымен қатар, бұл трансфер бастамасы «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпиннен болуы мүмкін. Ол Бактиердің мықты тұстарын жақсы біледі және оларды тиімді қолдана алады. Бактиер Ресей Премьер-лигасына толық бейімделген. Түркиядағы өнері күткендегідей болмаған шығар, бірақ Суперлига – оңай чемпионат емес. Ол жақтағы тәжірибе Зайнутдиновты мықтырақ етті, – деді Точилин.
Айта кетейік, соңғы уақытта БАҚ беттерінде Бактиер Зайнутдиновтың «Бешикташтан» кететіндігі толастар емес.
Біздің серіктес: FONBET