«Анық 5-6 аутсайдер бар...» Белгілі сарапшы «Атыраудың» ҚПЛ-ден не үшін «ұшпайтынын» айтты

06.07.2025, 16:49

Танымал маман Алмас Құлшынбаев ҚПЛ-дегі аутсайдер командалар мен «Атыраудың» мүмкіндіктерін бағалап, пікірін ортаға салды.

«Анық 5-6 аутсайдер бар...» Белгілі сарапшы «Атыраудың» ҚПЛ-ден не үшін «ұшпайтынын» айтты
Виталий Жуковский «Атырау» бас бапкері

«Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін таласқа түсетін командалардың бәсекелестігі де қызық болайын деп тұр. Қазір бір сыбыстар жүруде - Бірінші лигадан енді 3 команда жоғарылауы мүмкін дейді. Қалай дегенде де биыл ҚПЛ-де анық 5-6 аутсайдер бар және жоғары дивизионда қалу құқығы үшін талас солардың арасында жүретін сияқты. Тіпті небары бес-ақ ұпайы бар «Атыраудың» өзінде әлі мүмкіндік бар. Виталий Жуковский жағдайды реттеп кетуі де  ықтимал. Бұл әрине өте қиын шаруа. Ал жалпы айтқанда, иә сол 5-6 клуб премьер-лигадан ұшып кетпеу үшін қарекет етеді», - деді отандық маман «Аладоп.кз» тілшісіне. 

Премьер-лиганың 15 турынан кейін ең соңғы сатыда «Атырау» тұр. Оның алдында «Тұран»,«Ұлытау»,«Қайсар»,«Жетісу» мен «Қызыл-Жар» орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×