Алмас Құлшынбаев: Польша чемпионатының деңгейі бізден әлдеқайда жоғары

06.07.2025, 15:05

Отандық бапкер Алмас Құлшынбаев Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Легия» - «Ақтөбе» кездесуінің фаворитіне байланысты болжамымен бөлісті.

Алмас Құлшынбаев: Польша чемпионатының деңгейі бізден әлдеқайда жоғары
«Ақтөбе» футболшылары

Қос клуб алдымен 11-шілдеде Варшавада ойнайды. Қарымта ойын шілденің 17-де Ақтөбеде болады. 

«Ақтөбе»«Легиямен» жолығады. Қанша жерден күшейіп, жаңа футболшылар алғанымен де Польша чемпионатының деңгейі бізден әлдеқайда жоғары деп есептеймін. Олардың командалары үнемі топтық кезеңдерде өнер көрсетіп жүреді. Сол сияқты «Легия» да дәстүрі бай, танымал клубтың бірі. Бұл жерде мен пайызға шаққанда 60 та 40 «Легия» фаворит деп басымдық берер едім», - деп өз ойын түйіндеді А. Құлшынбаев. 

Кеше Вячеслав Левчуктің командасы ҚПЛ-дің 15-турында «Атыраудан» айласын асырды 2:0. «Ақтөбе» әзірге 32 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×