
ПСЖ - “Бавария” кездесуінде қорқынышты жарақат алған Джамал Мусиала алаңға қашан қайтып оралады?
Еске салсақ, Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ПСЖ - “Бавариямен” кездескен болатын. Мюнхендік команданың бастапқы құрамында алаңға шыққан Джамал допқа ұмтылу барысында қақпашы Джиджи Доннаруммамен оңбай соқтығысты. Соның нәтижесінде футболшының аяғы тобықтан ішке қарай қайырылып, сырт көзбен қарағанда қорқынышты әсер қалдырды.
Сол аяғының тобық жағындағы сүйегін сындырған Мусиала дәрігерлердің болжауынша, 4-5 айдан кейін алаңға бірақ шығады екен. 2024/25 жылғы маусымда жартылай қорғаушы барлығы 44 ойын өткізіп, 21 гол мен 8 голдық пас берді.
Кешегі ойында “Бавария” Чемпиондар Лигасының жеңімпазы ПСЖ-дан 2:0 есебімен жеңіліп, турнирдің финалында өнер көрсету мүмкіндігінен құр қалды.
Біздің серіктес: FONBET