
Көкшетаулық клуб пен «Қайсар» бірінші айналымда тең тарқасқан 2:2.
Бірақ, қазір жағдай өзгерген, бұл ең алдымен номиналды алаң иелеріне қатысты. Андрей Ферапонтов отставкаға кетіп, орнын Қайрат Нұрдаулетов басты. Бұдан бөлек, көшбасшының бірі Аслан Дарабаев командамен қош айтысты. Жалпы, Қайрат Жұмабекұлы өте қиын ситуацияға тап болған сияқты. Енді бүгін осындай жағдайдағы көкшетаулықтарға өте қиын болайын деп тұр. Команданың көрсеткіштері де мәз емес, соңғы екі матчта жеңілді - «Астанадан» 2:5, «Ордабасыдан» 0:1 болып ұтылды.
«Қайсар» өткенде «Елімайдан» есе жіберді 1:2, одан басқа 4 ойынның біреуін жеңіспен аяқтап, қалғанында тең тарқасқан болатын. Маусым басында тұрақсыз көрінген «дала қасқырларының» ойыны да бір жүйеге түсіп қалғандай. Виктор Кумыковтың тәжірибелі бапкер екені даусыз, ендігіде «Қайсар» турнирлік кестедегі жағдайын түзеуге тырысады. Клуб басшылығының екінші айналымда қазақстандық бірнеше сапалы футболшыны қатарға қосамыз деген уәдесін де ұмытпау керек.
Бұл ойында екінші тайм тоталы 1.5-нан көп болады деп болжаймыз. Fonbet.kz бұған 2.25 коэффициент береді.
Біздің серіктес: FONBET