Ермұхамед Мәулен: “Ақтөбе” сырт алаңдағы ойындарда жерге қарап қалмайды

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен польшаның LegiaNet порталына сұқбат берді.

Ермұхамед Мәулен: “Ақтөбе” сырт алаңдағы ойындарда жерге қарап қалмайды

“Ақтөбе” қандай команда және клубтың алға қойған мақсаты қандай?

  • Ақтөбе” - Қазақстан Премьер-лигасының көшбасшы ұжымдарының бірі. Команда ішкі чемпионат пен еурокубоктік ойындарын сәтті аяқтауға мақсат етіп отыр. Конференция Лигасының топтық кезеңіне шығу жоспарыда бұл ұжымның басты міндеті.

 

Польша чемпионаты Қазақстанда қалай бағаланады?

  • Польша Экстраклассасы біздің елдің футбол жанкүйерлері арасында жоғары бағаланады. Жергілікті біріншіліктің бәсекелестігі Қазақстан Премьер-лигасынан жоғары. Сол себепті көптің сұранысына ие. Бұл чемпионатқа тәжірибе жинақтау үшін біздің елден біраз футболшы аттанған. Мысалы қазірде “Ақтөбе” жейдесін киген Георгий Жуков “Пуща” намысын қорғады. Абзал Бейсебеков пен Сергей Хижниченко “Коронада” ойнап қайтты. Қазірде клуб тізгінін ұстап жүрген Александр Кучма өзі футболшы болған уақытында “Рух” (Хожув) сапында 17 матч өткізді. Біздің ойыншыларға Польша чемпионатында өнер көрсетіп келу - үлкен тәжірибеге теңеледі.

 

“Ақтөбенің” чемпионат пен Еурокубоктегі мүмкіндігіне тоқталсаңыз. Команда екі турнирде қалай өнер көрсетпек?

  • Ақтөбе” ішкі чемпионат мәселесіне бас қатырып отырған жоқ. Клуб біріншілікті әдетінше, үздік бестік қатарында аяқтайды. Тіпті, чемпион атануға күрес жүргізіп кетуі ғажап емес. Еурокубоктегі жорығын “Ақтөбе” Еуропа Лигасында бастағалы жатыр. Егерде екі матч қорытындысы бойынша ұжым “Легиядан” ұтылса, еурокубоктегі жолын Конференция Лигасында жалғастырады. Ол жаққа барғанда да оңай олжа жоқ. “Спарта” Прага секілді бір команда жолығып, сомен “Ақтөбе” үшін еуромаусым аяқталады. Жалпы бұл ұжымға жеребе жолдас болмады. 

 

“Ақтөбенің” трансферлері жайында қандай ойдасыз?

  • Қыста “Ақтөбе” назар аударарлықтай, бірнеше трансфер жасады. Мысалы беларусиялық БАТЭ клубынан Оралхан Өміртаев келді. Осыдан бір апта бұрын қатарға ресейлік Никита Корзун қосылды. Менің ойымша, бұл екі трансфер команда үшін өте сәтті болды деп ойлаймын. 

 

“Ақтөбенің” қай ойыншылары жарақатынан емделуде?

  • Жарақат мәселесі бойынша командада біршама қиындық туындаған жайы бар. “Ақтөбе” негізгі құрам футболшылары саналатын Әлібек Қасым мен жартылай қорғаушы Уге Агбодан ажырап қалды. Аталған ойыншылардың алаңда жоқтығы еурокубоктік ойындарда кері әсерін тигізеді.

 

“Ақтөбе” “Легияға” қарсы қандай құраммен өнер көрсетеді?

    •   Қандай құраммен өнер көрсететінін нақты айта    алмаймын. Бірақ қақпада 100% румын Андрей Влад ойнайтын болады. Қорғаныста Богдан Ветэжелу, Неманья Анджелкович және Бағдат Қайыров шығуы тиіс. Оларға көмекке Никита Корзун, Габи Кики, Данияр Үсеновтер келуі керек. Шабуыл шебінде Жайро Жан, Оралхан Өміртаев пен Идрис Умаевты көріп қалуымыз бек мүмкін.

 

Идрис Умаевтың алғашқы ойында жоқтығы Ақтөбе үшін қиын жағдай ма?

  • Идрис Умаев бірінші ойынды жіберіп алатын болса, жағдай шыныменде қиын болады.

 

“Ақтөбе” командасы өз жеңісіне сене ме?

  • Әр команда алаңға жеңіске жетеміз деп шығады. Олай болмаса, кездесуге дайындалып не керегі? Қазақстандық футболшылардың философиясының негізі осындай. Олар тек жеңіске жету үшін өнер көрсетеді. 

 

  • Легияға қарсы сырт ойында “Ақтөбе” барын салуы қажет. Егерде команда Варшавада жақсы ойнап беретін болса, үйдегі матч жеңілге соғады. Біздің команда сырт алаң болсын, өз алаңы болсын жанкүйерлері алдында жерге қарап қалмауы керек.

 

  • Қазақстандағы бар футбол қауымдастықтары Ақтөбенің тілеуін тілеп отыр. Біз “Ордабасының” Варшавада “Легия” қақпасына соққан 2 голын естен шығармаймыз. Сырт алаңда гол соғу Ақтөбенің қолынан келеді. Олар Ордабасының сол кездесуінен қосымша мотивация алды. Ең бастысы қазақстандық жанкүйерлер Ақтөбенің жетістікке жетеріне сенеді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×