
"ПСЖ" жұлдызы Усман Дембеле Клубтық әлем чемпионатындағы “Интер Майамиге” қарсы өткен матчтан кейін бұрынғы командаласы Лионель Мессимен қайта қауышты.
Матчтан кейін Француз шабуылшысы өзінің әлеуметтік желісінде бұрынғы командаласының естелік заттарын яғни Мессидің матчта киген жейдесі, шорты және бутсыларын көрсетті.
Бұдан бөлек Дембеле Мессимен түскен суретті жариялап, оған:
"Сені қайта көру қандай керемет, Месси. Барлық уақыттың ең ұлы ойыншысы. Интер Майамиде де тарих жазуды жалғастырасың деп үміттенемін.” – деп жазды.
Біздің серіктес: FONBET