
"ПСЖ" Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында “Интер Майамиді” 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Барлық гол бірінші таймда соғылды.
Осы жеңіліс Лионель Месси үшін масқара ма деген сұраққа Златан Ибрагимович былай деп жауап берді:
“Мессидің жеңілісі ме? Жоқ, жоқ, бұл жеңілісті Мессиге жаба көрмеңдер! Жеңілген Месси емес, “Интер Майами”! Бұл команданы көрдіңдер ме? Месси жансыз мүсіндердің арасында ойнап жүр, бұл командаластар емес! Егер ол нағыз командада ойнағанда Парижде, Манчестерде, жалпы үлкен клубтардың бірінде, сіздер шынайы арыстанды көретін едіңіздер!”
Месси әлі де футболды сүйгені үшін, өзі орындай алатын, 99% футболшы істей алмайтын дүниені істей алатындықтан ойнап жүр! Бірақ қазір оның жанында цемент қаптарын көтеріп жүгіріп жүргендей ойыншылар жүр! Бұл командада не жаттықтырушы жоқ, не жұлдыз жоқ, тіпті допсыз қалай қозғалуды түсінетін ойыншылар да жоқ! Ал сіздер Мессиді кінәлайсыздар ма?
Ол Роналдумен, Мбаппемен, Холандпен, Златанмен бірге ойнағанда сол кезде сөз қозғасаңдар болады! Бірақ бүгін бе? Жоқ, жоқ, жоқ. Бұл мен білетін Месси емес, ол – циркте ойнап жүрген көлеңке ғана! Бірақ абай болыңдар, егер оған нағыз команда берілсе, ол стадионды қайта өртейді! Өйткені бәрі қарапайым Месси әлі де Месси! Ал бүгін? Бұл оның жеңілісі емес – бұл “Интер Майамидің” және тұтастай футболдың жеңілісі!”
Біздің серіктес: FONBET