Әли Әлиевтің тағдыры қыл үстінде? ҚФФ басшылығы құрама бас бапкерін қырына алған секілді

30.06.2025, 16:20

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық команда бас бапкерінің тағдыры алдағы үш ойынға тікелей байланысты екенін мәлімдеді.  

Әли Әлиевтің тағдыры қыл үстінде? ҚФФ басшылығы құрама бас бапкерін қырына алған секілді
Әли Әлиев

«Уэльс және Өзбекстан құрамаларымен матчтардың нәтижелеріне қараймыз. Сонымен қатар қарашада Өзбекстанмен жолдастық кездесу өтеді. Шешім қабылдар кезде соның бәрінің нәтижелерін ескереміз. Көңілден шықпаса, онда қош айтысамыз», - деді М. Омаров.

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының тізгінін биылғы жылдың басында – ресейлік маман Станислав Черчесовтен кейін ұстаған болатын. Басында бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалып, сәуірде ресми түрде бас бапкер болып бекітілді.  

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Әлиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльстен 1:3 есебімен ұтылса, Лихтенштейнмен кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Солтүстік Македониямен матчта 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×