Нико Уильямстің көлігінің терезесін Бильбаода экстремистер сындырып кетті

30.06.2025, 21:00

Испаниялық BarçaTimes басылымының хабарлауынша, өткен түні Бильбао қаласында белгісіз адамдар Нико Уильямстің көлігінің терезесін сындырып кеткен.

Нико Уильямстің көлігінің терезесін Бильбаода экстремистер сындырып кетті

Бұған дейін команда жанкүйерлерінің тарапынан Нико Уильямстің қабырғадағы суреті бірнеше рет бұзылған еді.

Нико Уильямстің бейнесі бейнеленген қаьбырға суретін бүлдірумен қатар, қабырғаға баск тілінде оған қарсы сөздер жазылған. Онда:

"Нико, кет! Қалсаң да, кетсең де біз сені құрметтемейміз.” деген жазулар болған.

Бұл оқиғалардың барлығы Нико Уильямс осы жазда "Барселонаға" ауысқысы келетінін "Атлетик” клубына хабарлағаннан кейін орын алуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×