Қонақжайлық танытқан тур: Премьер-лиганың өткен аптасы қалай өтті?

30.06.2025, 18:40

28-29 маусым күндері Қазақстан чемпионатының 14-туры өтті.
 

Қонақжайлық танытқан тур: Премьер-лиганың өткен аптасы қалай өтті?

Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 20 гол соғылды.

- 34 сары қағаз көрсетіліп, 4 футболшы алаңнан қуылды.

 ⁃ 14-тур ойындарын 30 230 адам стадионнан тамашалады.

 ⁃ Ең көп 10 000 жанкүйер «Ордабасы» - «Қайрат» ойынын тамашалады.

 ⁃ 14-турда 206 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 124 отандық футболшы (негізгі құрамда 83 ойыншы, қосалқы құрамнан 41 ойыншы) доп тепті.

 ⁃ «Қызылжар» алғаш рет сырт алаңда «Астанадан» ұпай алды. Бұған дейін олар 8 мәрте жеңіліп келген еді.
 ⁃ «Жетісу» 14 айдан кейін сырт алаңда жеңіске жетті. Бұған дейін олар 2024 жылдың 11 мамырында «Тұраннан» басым түскен еді.
 ⁃ «Қайрат» 9 ойыншымен сырт алаңда жеңіске жетіп, ерекше жайтты тіркеді. Бұған дейін 9 футболшымен 2012 жылы «Тобыл» клубы сырт алаңда «Оқжетпесті» 0:1 есебімен ұтқан.
 ⁃ «Атырау» клубы 1 айдан кейін қарсыластан ұпай ала алды. «Мұнайшылардың» 1 апта бұрынғы негізгі құраммен салыстырғанда, 8 жаңа футболшы алаңға шықты.
 ⁃ «Тұран» 6 ойын бойы қарсыластарына есе жіберіп келеді.

Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?

Қазақстан - 9
Ресей - 3
Гвинея - 2
Бразилия - 2
Кот-д’Ивуар - 1
Португалия - 1
Беларусь - 1
Албания - 1
Автогол - 1

Матчтардың нәтижесі:

«Ұлытау» – «Жетісу» – 1:2
«Атырау» – «Оқжетпес» – 0:0
«Туран» – «Ақтөбе» – 0:3
«Тобыл» – «Жеңіс» – 2:2
«Қайсар» – «Елімай» – 1:2
«Ордабасы» – «Қайрат» – 0:1
«Астана» – «Қызылжар» – 3:3

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×