Деңгейіміз соншалықты төмен бе? Статистикалық портал Қазақстанның тобындағы командалардың мүмкіндігін бағамдады

11.06.2025, 12:10

«Football Meets Data» статистикалық порталы Қазақстан құрамасы өнер көрсететін J тобындағы командалардың ӘЧ-2026-ға шығу мүмкіндіктерін бағалады.

Деңгейіміз соншалықты төмен бе? Статистикалық портал Қазақстанның тобындағы командалардың мүмкіндігін бағамдады
Қазақстан - Солтүстік Македония кездесуі

Танымал порталдың болжамы бойынша, бұл топтан мундиаль жолдамасын еншілеуде басты үміткерлер – Бельгия (80 пайыз) мен Уэльс (50 пайыз). Ал мүмкіндігі ең төмен құрамалар қатарында Лихтенштейн және Қазақстан. Статистикалық портал Әли Әлиевтің командасы Әлем чемпионатына шығады деген нұсқаға 0,1 пайыз ғана беріп отыр. Сондай-ақ, «қырандар» өзінің тобын төртінші орынмен аяқтайды деп болжануда.

Іріктеу турнирінің 3-турынан кейін Әли Әлиевтің командасы өз тобындағы төртінші орынға сырғыды. Қазақстан 3 матчтың екеуінде жеңіліп, бір ойынды жеңіспен аяқтаған болатын (Лихтенштейнді 2:0 ұтты). Ұлттық құрама келесі кездесуін 4-қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×