36-жасар жартылай қорғаушы Денис Глушаков "Ақтөбе" сапын толықтырады.
Жақында футболшы ресейлік "Химки" командасынан кеткен болатын. Онда ол, барлығы 67 ойын өткізіп, 15 гол мен 5 голдық пас берген еді. "Ақтөбе" футболшыға ұсыныс тастағанымен келісімшарт жайлы сөз өрбітпеген екен.
Глушаков - "Спартак" сапында РПЛ чемпионы атанған. Футболшы құрама деңгейінде 2012 және 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарына қатысқан. Трансфермаркет Денисті 700 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET