Зайнутдинов Еуропалық ұжымға қалай келгенін және өзінің футболдағы сүйікті позициясы жайлы айтып өтті

28.01.2023, 22:30
Зайнутдинов Еуропалық ұжымға қалай келгенін және өзінің футболдағы сүйікті позициясы жайлы айтып өтті


Бақтиер Зайнутдинов ресейлік "Матч Премьер" арнасының "Маусымнан тыс" бағдарламасында қонақта болып, сұқбат берді.

Футболшы үздік біріншілікте бақ сынауға дайын екен.

Еске салсақ, алдыңғы жылдың қараша айында жартылай қорғаушыға "Аталанта" ФК қызығып еді.

Бұрын сізге еуропаның мықты ұжымдарының көзі түсті деген ақпарат тарап еді. Егерде мүмкіндік туса шетелге қоныс аудару ойда жоқпа?

- Әрине, мүмкіндік туса неге бармасқа. Еуропада өнер көрсету менің бала кезімдегі арманым. Алайда, өзіммен көп жұмыс жасау керек. Сонда ғана мен өзімді нақты ұсына аламын.

Зайнутдинов 2022/23 жылғы маусымында ЦСКА үшін 19 ойын өткізіп үлгерді.

- Маусымның алғашқы бөлігінде мен үш қорғаушының қатарында өнер көрсеттім. Одан кейін, мен латераль позициясына қайта оралдым. Тактикалық тұрғыдан көп сауал туындады. Алайда, бапкерлер нұсқауымен барлығы орнына келді. 

Маған шабуылға жақын өнер көрсеткен ұнайды. Әсіресе сол қаптал латералін. Бапкерлер менің шабуылдағы әрекеттерімді қолдайды. Керек кезде еркіндікте береді. 

Команданың жиыны жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Біз алғашында функционалды жаттығуға дең қойдық. Қазір болса, жолдастық кездесу өткізу арқылы тапсырмаларды орындап жатырмыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×