ҚПЛ клубы өз көшбасшысынан айырылып қалуы мүмкін

28.01.2023, 21:56
ҚПЛ клубы өз көшбасшысынан айырылып қалуы мүмкін


"Шахтер" жартылай қорғаушысы Стефан Букорац "Тобыл" сапын толықтырады деп күтілуде.

Қарағандылық команда футболшыны жібергісі жоқ. Алайда, Букорац өкілдері тарапынан "кеншілер" басшылығына қысым болып жатыр екен. 

31-жастағы жартылай қорғаушы өз мансабында "Каспий", "Торпедо-БелАЗ", "Пролетер", "Металац" және "Младост" командаларында доп тепкен. 

Трансфермаркет футболшыны 400 мың еуроға бағалауда.

Еске салайық, "Шахтер" ҚПЛ өткен маусымын 7 орынмен аяқтаған болатын. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×