Денис Мамонов «Атырауды» тізгіндеді

26.05.2025, 20:56

Клубтың баспасөз-қызметі «Атырау» бас бапкері қызметіне Денис Мамоновтың тағайындалғанын жариялады.

Денис Мамонов «Атырауды» тізгіндеді
Денис Мамонов

43 жастағы маман осыған дейін «Қайрат» құрылымында, «Жетісуда»,«Восток» және «Тараз» секілді клубтарда жұмыс істеген. Дәл қазір Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып қызмет атқарады. Маусымның басында Константин Горовенконың көмекшісі болып «Атырауда»  еңбек еткенін де қоса кету керек. 

Айта кетейік, осыған дейін «Атырау»  бас бапкерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеген Қуаныш Қабдолов қызметінен өз еркімен кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×