
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» клубымен келісім-шартты ұзартпауға шешім қабылдады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Покатилов клуб басшылығымен кездесіп, жарты жылдық келісімшартты ұзартпайтынын және туған еліне оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Ол Әзербайжандағы мансабы аяқталғанын айтып, бірнеше ұсыныс алғанын және 31 мамыр күні өтетін «Карабахқа» қарсы кубоктық финалдан кейін Қазақстанға оралатынын жеткізген.
Біздің серіктес: FONBET