Кевин Де Брёйненің қай клубқа ауысатыны мәлім болды

27.05.2025, 10:27

«Наполи» клубының президенті Аурелио Де Лаурентис бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйненің команда қатарына қосылуы мүмкін екенін аңғартты. 

Кевин Де Брёйненің қай клубқа ауысатыны мәлім болды

Ол қазіргі кезде «Манчестер Сити» клубынан еркін агент ретінде кетуге дайындалып жатыр. «Кевиннің Италияда вилла сатып алғанын білемін. Таңертең біз бейнеқоңырау арқылы сөйлестік. Оның жанұясы да қатысты. Бұл ресми ме? Жоқ, әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ. Бірақ бәрі өте байсалды деңгейде жүріп жатыр», – деді Де Лаурентис Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Наполи» осы маусымда Италия чемпионы атанды.

Де Брёйне 2024/25 маусымында «Манчестер Сити» сапында барлық жарыстарда 38 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt дерегіне сәйкес, ойыншының нарықтық құны – 27 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×