
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жақын арада қызметінен кетуі ықтимал.
Дәлірек айтсақ, қазақстандық маман премьер-лиганың 11-турында «Ақтөбеден» ұтылса, клуб басшылығы шұғыл қадамдарға баруы мүмкін екен. Оған клуб пен бапкердің арасындағы келісімшарттағы бір пункт негіз бола алады. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген болатын.
«46 жасар маманның келісімшартында егер қатарынан үш жеңіліске ұшырайтын болса клуб бас бапкерді автоматты түрде қызметінен босата алады дейтін тармағы бар. «Қайрат» мамырда қатарынан үш матчта ұтылған – ҚПЛ-де «Елімай» мен «Оқжетпестен» және «Ордабасыдан» Қазақстан Кубогінде есе жіберді», - делінген порталдың материалында.
Айта кетейік, өткен демалыстағы сәтсіздіктен кейін алматылық клубты Қайрат Нұрдәулетов тізгіндеуі мүмкін деген ақпарат тараған. «Қайрат» 10 турдан кейін 23 ұпаймен үшінші орында келеді. Көш басында «Ақтөбе», екінші «Астана». Алматылықтар алдағы екі турда «Ақтөбемен» және «Астанамен» жолығады.
Біздің серіктес: FONBET