Диего Коста АПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

28.08.2020, 20:04
Харри Кейн екеуі керемет бәсекелестікке түсейін деп тұр.
Диего Коста АПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

"Тоттенхэм" клубының бас бапкері Жозе Моуриньо "Атлетико Мадрид" клубының шабуылшысы Диего Костаны өз клубында көргісі келеді, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, Моуриньо футболшымен 2014-2015 жылдар аралығында «Челсиде» бірге жұмыс істеген кезден бастап байланыста болған. Оның үстіне, "Атлетико" Костаны сатуға ниетті екенін хабарлады.

Коста «Атлетико» клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымда шабуылшы Ла Лиганың 23 матчына қатысып, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Футболшының Испания клубымен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×