«Ювентус» Луис Суаресті тегін алғысы келеді

28.08.2020, 20:11
Суарес «Барселонадан» ақша өндіріп алғысы келеді.
«Ювентус» Луис Суаресті тегін алғысы келеді

Андреа Пирло баптайтын туриндік «Ювентус» «Барселонаның» 33 жастағы шабуылшысы Луис Суаресті сатып алуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды италиялық журналист Джанлука Ди Марцио өзінің ресми сайтында.

Уругвайлық шабуылшы "Барселонадағы" Рональд Куманның жобасынан тыс қалатынын білгеннен кейін, каталондық клубтан 25 миллион еуро өтемақы аламын деп үміттеніп, "Барселонамен" тегін кету туралы келіссөздер жүргізуде.

Өз кезегінде, Суаресті «Ювентус» еркін агент ретінде алғысы келеді. Туриндік клуб уругвайлық шабуылшы үшін жақсы келісімшарт ұсынуға дайын және Италиядағы заңнамада келтірілген салық жеңілдіктерін пайдалануды жоспарлап отыр.

Луис Суарес «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымда Суарес клубтық деңгейдегі барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. 2007 жылдан бастап Суарес Уругвай құрамасына шақыртылып келеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×