Тьяго Силва «Челсиге» ауысты

28.08.2020, 21:49
«Челси» кеше қорғаушы Маланг Саррды да қатарға қосқан болатын.
Тьяго Силва «Челсиге» ауысты

Лондондық "Челси" өзінің ресми сайтында қорғаушы Тьяго Силваның трансфері туралы хабарлады. Келісімшарт 2020/2021 маусымның соңына дейін тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен жасалды.

"Мен «Челсидің» қатарына қосылғаныма және келесі маусымда Фрэнк Лампардтың керемет командасының мүшесі болатыныма қуаныштымын. Мен мұнда титулдар үшін күресуге келдім. "Челси" жанкүйерлерімен жақында кездесетініме сенімдімін. "Стэмфорд Бриджде" ойнауды асыға күтемін", - деп түсіндірді Силва.

Кеше, 27 тамызда, "Пари Сен-Жермен" келісімшарт аяқталғаннан кейін Тьяго Силваның кететіндігін ресми түрде жариялады. 35 жастағы қорғаушы ПСЖ-ға "Миланнан" 2012 жылдың шілдесінде ауысқан. Бразилиялық футболшының трансфер құны 42 миллион еуроны құрады. 2019/2020 маусымда Силва Франция чемпионатының 21 матчына қатысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×