Диего Коста мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

05.01.2021, 01:16
«Вулверхэмптон» Хименестің орнын басатын шабуылшы іздеуде.
Диего Коста мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

"Атлетико Мадридтің" бұрынғы шабуылшысы Диего Коста мансабын Англияда жалғастырғысы келеді, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Дереккөздің хабарлауынша, "Вулверхэмптон" 32 жастағы футболшының келесі клубына айналуы мүмкін. "Қасқырлардың" бас бапкері Нуну Эшпириту Санту Диего Костаны жарақат алған Рауль Хименестің орнына өте жақсы алмастырушы болады деп есептейді. Бұл трансфердің жүзеге асуына ағылшын клубының басшылығымен жақсы қарым-қатынаста жүрген Жорже Мендеш себепкер болуы мүмкін.

"Атлетико" 29 желтоқсанда Костамен келісімшартты бұзғанын мәлімдеді. Осыған дейін форвардтың "Арсеналға" немесе "Ювентуске" ауысуы мүмкін екендігі туралы ақпараттар тараған еді.

Коста "Атлетикомен" жасалған келісімшартқа сәйкес, егер ол Испания чемпионатында немесе Чемпиондар лигасында жеңіске жетуі мүмкін командаға ауысса, клубқа 15 миллион еуро төлеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×