Қаңтарда орын алуы мүмкін трансферлер

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
05.01.2021, 02:11
Қысқы трансферлік терезеде жазда еркін агент атанатын ойыншылар да жаңа клубымен келісімшарт жасаса алады.
Қаңтарда орын алуы мүмкін трансферлер

Бүгін қысқы трансферлік терезе ашылды, сондықтан көптеген ойыншылар өз командасынан кете алады және басқа клубты толықтыра алады. Қыста клубын өзгертуі мүмкін ойыншыларды қарастырып көрейік.

Деле Алли


Деле Аллидің "Тоттенхэмдегі" жағдайы көптен бері жанкүйерлердің көкейінде үлкен сұрақ тудырып келеді, бірақ жақында "Стокпен" болған кездесуден кейін бәрі шешілген сияқты. Футболшы Жозе Моуриньоның көңілінен шыға алмады, ол оны 66-минутта жасаған қателігінен кейін ауыстырды. Португалиялық маман мен Алли арасында кезекті бір жанжал туындады. Сондықтан Аллидің клубтан кетуі екеуі үшін де жақсы жаңалық болайын деп тұр. Ойыншыға ПСЖ қызығушылық танытуда.

Кристиан Эриксен


Эриксеннің "Тоттенхэмнен" кеткеніне бір жыл болмай жатып, жартылай қорғаушы қайтадан клубын ауыстыруды ойластырады. Барлығы оның "Интерде" орын таппағанын байқады. "Бұл жаза емес - тек ол ешқашан клубтағы өмірге бейімделе алмады", - деді жағдайды түсіндіруге тырысқан бас директор Джузеппе Маротта.

"Тоттенхэмде" өткізген сегіз жыл ішінде даниялық футболшы 69 гол соғып, 89 нәтижелі пас берген, бірақ Италияда ол 373 минут қана алаңға шығып, тиісінше гол соға алмады. Ол өзінің талантын дәлелдеген Премьер-лигаға қайта оралуы мүмкін. Үлкен мәселе - жалақы. Ол бір маусымда шамамен 9 миллион фунт стерлинг алады. Эриксенді жақын арада ПСЖ-ның тізгінін ұстаған Маурисио Почеттино өз командасында көргісі келеді.

Диего Коста


"Мен жоқ кезде Суарес гол соқпады. Мен алаңға шыға салысымен ол бірден дубль жасады!" - деді "Челсидің" бұрынғы шабуылшысы "Элчемен" болған матчтан кейін. Бірақ ол ұзақ уақыт бойы ойнай алмады, қазірдің өзінде біз оның "жеке себептермен" "Ванда Метрополитонодан" кеткенін білеміз.

Ұсыныстар бар - негізінен Қытай мен Бразилиядан. Бірақ ол асықпайды: ол еркін агент болғанымен, өзінің қадірін білетін клубқа ауысқысы келеді. Соңғы ақпараттарға сенсек, шабуылшыға "Вулверхэмптон" клубы көз тікті

Ренату Саншеш


Саншештің "Суонсидегі" сәтсіз ойыны әлі де жанкүйерлердің есінде, бірақ ол 2016 жылы "Golden Boy" сыйлығын жеңіп алды. Ренату Саншеш соңғы екі маусымда "Лилльде" өте жақсы өнер көрсетті және футболшыға қазір Жоржиньо Вийналдуммен келіссөз жүргізуден шаршаған "Ливерпуль" қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Юрген Клопп "Брайтонның" жартылай қорғаушысы Ив Биссуманы да өз командасында көргісі келеді.

Джош Дасилва


"Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы клубтағы алғашқы ойынын 2017 жылы өткізді, бірақ келісімшартты ұзартудан бас тартты. "Брентфордта" ол клубты Лига кубогының жартылай финалына шығарған жеңісті голды соғып, өзінің жақсы жақтарын көрсетті. Қазір "Вест Хэм" оған қатты қызығушылық танытып отыр.

Педру Гонсалвеш


Португалиялық жартылай қорғаушы "Вулверхэмптон" сапында екі жыл доп тепті, бірақ алаңға ешқашан шықпады. Алайда, ол "Фамаликанға" барған бойда, бірден өзін көрсетті. Педру қазір "Спортинг" ойыншысы. Сондай-ақ, ол Примейраның тоғыз ойынында 10 гол соғып, турнирдің үздік бомбардирі болып тұр. Жаман емес! Оны қазірдің өзінде "Манчестер Юнайтедтегі" Бруно Фернандешпен салыстырғаны таңқаларлық жағдай емес. Бұл жаңа клубқа шамамен 53 миллион фунт стерлингке түседі - бұл Гонсалвештің келісімшартында көрсетілген өтемақының мөлшері.

Давид Алаба


Қарашада "Бавария" мен Алаба ақыры араздасып, клуб өз қорғаушысына жаңа келісімшарт ұсыну туралы шешімін өзгертті. Жақын арада австриялық басқа командамен келісімшартқа отырады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Алаба жақын арада "Реал Мадридпен" келісімге келіп, жазда клубқа еркін агент ретінде ауысатын болады.

Патсон Дака


Замбиялық шабуылшы Патсон Дакка мүмкін емес нәрсені жасады - ол "Зальцбургтен" кеткен Эрлинг Холландтың орнын басты. Және осы маусымда 15 гол соғып, команданың чемпион атануына көмектесті. Енді оны бірінші кезекте "Арсенал", "Тоттенхэм" және "Сити" сатып алғысы келеді. Дака Эммануэль Маюкиден кейін Премьер-лигадағы алғашқы Замбия азаматы болатынына күмәніміз жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×