«Каспийдің» 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

05.01.2021, 02:26
Ақтаулық клуб өткен маусымда ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалды.
«Каспийдің» 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

"Каспий" футбол клубының осы жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет.

"Менің мәліметтерім бойынша, Маңғыстау облысының басшылығы "Каспийдің" алдағы маусымға арналған бюджетін анықтады. Ол 1,4 миллиард теңгені құрады.

ҚПЛ клубтарының 80%-ы биылғы жылға арналған бюджеті қанша екенін білмейді және барлығы бюджетті күтуде. "Тараз" клубының бюджетінің мөлшері ертең бекітілетін болады. "Каспий" үшін 1,4 миллиард - бұл өте жақсы ақша. Бірақ бұл ақша Срджан Благоевичті ұстап қалуға жете ме, жоқ па белгісіз", - делінген хабарламада.

Өткен маусымда ҚПЛ-ге қайта оралған "Каспий" Премьер-лигадағы орнын сақтап қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×